Қонақжайлылық

Жан жылуы бар қазақ қонақжайлылығы

Aisha Bibi Hotel & Spa - қазақ қонақжайлылығын шын ықыласпен және әр қонаққа деген сүйіспеншілікпен дамытатын қонақ үйлер желісі.

Біздің тарих

Aisha Bibi-ге қош келдіңіз

Құрметті қонақтар! Сіздерді Aisha Bibi Hotel & Spa-да қарсы алуға қуаныштымыз.

Aisha Bibi Hotel & Spa тарихы 2018 жылы басталды. Бұл қонақ үйді салғанда біздің мақсатымыз жай ғана тұратын орын салу емес еді. Біз әр қонақ шынайы демалып, күш жинап, серпін алатын кеңістік жасағымыз келді.

Бүгінде Aisha Bibi - қонақ үйден әлдеқайда көп. Бұл демалыс, отбасылық кездесулер мен жылы естеліктер орны. Бұл заманауи қызмет стандарттары нағыз қазақ қонақжайлылығының дәстүрлерімен ұштасатын орын.

Қонақ үй атауы

Қонақ үй атауы Айша Бибі аңызынан шабыт алған - махаббаттың, адалдық пен берілгендіктің символы. Біз үшін бұл барлық ісіміздің негізінде жатқан құндылықтардың көрінісі: дәстүрге құрмет және адамдарға шынайы қамқорлық. Күн сайын біз осы құндылықтарды сақтап, қонақтарымызға жеткізуге тырысамыз.

Біздің дәстүрлер

Қазақ қонақжайлылығының жан жылуымен

Қонақжайлылық қонаққа деген құрметтен басталады. Осы құндылықтан біртіндеп біздің шағын дәстүрлеріміз туды.

Шай-пай time

Шай-пай time

Күн сайын 16:00-ден 17:00-ге дейін

Сіздерді дәм-тұзымен дәстүрлі шай ішуге шақырамыз. Бұл жай шай емес - нағыз қазақ үйінің атмосферасын сезініп, жылы әрі асықпайтын жағдайда уақыт өткізу мүмкіндігі.

Sarqyt

Sarqyt

Әр қонаққа сыйлық

Жылы қарсы алудың белгісі ретінде біз әр қонаққа сарқыт сыйлаймыз - қазақ халқының қамқорлығы мен жомарттығының символы болған дәстүрлі дәм. Бұл үлкен мәні бар кішкентай ишара: біздің үйде сізге әрқашан қуанышты екенімізді көрсету.

Үлкен тарих кішкентай дәстүрлерден тұрады деп сенеміз. Дер кезіндегі бір кесе шай, кездескендегі жылы ишара - үй атмосферасы дәл осыдан өседі.

Бізді таңдап, жақындарына ұсынып, тарихымыздың бір бөлігіне айналған әр қонаққа шын жүректен алғыс айтамыз. Бұл сапар ұзақ достығымыздың бастауы болады деп үміттенеміз.

Aisha Bibi Hotel & Spa

Қонақ үйді таңдап, мұны өзіңіз сезініңіз

Қонақ үйді таңдау